Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

1205

МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.  

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "17 қаңтар күні сағат 22.09-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы мен магнитудасы анықталу үстінде", – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі Алматы уақытымен 22 сағат 05 минут 49 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,7. MPV магнитудасы – 5,7. Тереңдігі – 10 шақырым.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу