Алматылықтар жыл соңына дейін коммуналдық төлемдерден босатылады

954

Мұндай шешім тек жеке тұлғаларға қатысты.

Алматылықтар жыл соңына дейін коммуналдық төлемдерден босатылады

Алматылықтардың жыл соңына дейін коммуналдық төлемдерді төлемеуіне болады. Қала әкімдігі елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бірақ бұл төлемдерден мүлдем босатылады деген сөз емес. Жылу, электр қуаты, лифт, су және өзге де шығындардың барлығын кейінге шегеріп, асықпай өтеуге мүмкіндік берілмек.

Айта кету керек, мұндай шешім тек жеке тұлғаларға қатысты. Ал заңды тұлғалар барлығын уақытылы өтеуге тиіс.

Кез келген азамат коммуналдық мекемелердің сайтына немесе телефондарына қоңырау шалып, өз өтініш қалдыра алады. Мамандардың мәліметінше, осы күнге дейін коммуналдық төлемдерді кешіктіргені үшін қала тұрғындарына бірде-бір айыппұл салынбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу