Алматылықтар жылу мен ыстық суға жарты млрд теңгеден астам сома қарыз

897

Борышкерлер қатарында кәсіпорындар да бар.

Алматылықтар жылу мен ыстық суға жарты млрд теңгеден астам сома қарыз

Алматы жылу желілеріне көрсеткен қызметтері үшін қарыз сомалары белгілі болды. Борышкерлер қатарында тұрғындар ғана емес, кәсіпорындар да бар, деп жазды inbusiness.kz.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қала тұрғындары мен кәсіпорындары мекемеге 1,196 млрд теңге қарыз. Бұл соманың басым бөлігін – 655 млн теңгені тұрғындар төлеуі тиіс. Заңды тұлғалардың қарызы 458 млн теңге.

"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,610 млрд теңге) дебиторлық берешек 414 млн теңгеге немесе 25,7%-ға азайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дебиторлық берешектің төмендеуі халық бойынша 148 млн теңгеге, заңды тұлғалар бойынша 275 млн теңгеге азайған. Сонымен бірге бюджеттік ұйымдардың дебиторлық берешегі 8 млн теңгеге өсті", – деп хабарлады "Алматы жылу желілері" АҚ баспасөз қызметі.

"Алматы жылу желілері" ЖШС-ның 2021 жылға арналған жылдық есебі бойынша, қарызын 2021 жылдың 15 сәуірі мен 31 қазаны аралығында төленген тұрғындардың айыппұлдары есептен шығарылған. Науқан барысында 1 121 тұтынушының (жеке тұлғалар – 747, заңды тұлғалар – 374) өтініштері қаралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу