Алматылықтарда топтық иммунитет қалыптаса бастады

642

Бірақ шаһарда әлі де эпидахуал күрделі.

Алматылықтарда топтық иммунитет қалыптаса бастады Фото: inbusiness.kz

Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. 26 мамыр елдегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасында Алматы қаласы әлі де қызыл аймақта орналасқан. Мутацияланған штамдарды тіркеу кезінде 84% көрсеткішті көруге болады. Мамыр айының соңғы аптасында эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады, сәуірдегі 700 жағдай тіркелсе, бұл көрсеткіш өткен тәулікте 290-300 жағдайға дейін азайды", – дейді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері. 

Тәуліктік өсім айдың басындағы 1,2% -дан 0,4% -ға дейін 3 есе төмендеді, ал сырқаттану деңгейі соңғы 7 күнде 7,7% -ға 160,0-ден 147,6-ға дейін азайған.
Сонымен қатар мамырдың ортасына қарай симптоматикалық науқастар саны да кеми бастаған. Алайда коронавирустың симптомсыз формаларын тіркеу 12% дейін өскен. 

"Биылғы жылдың 9 наурызында басталған COVID-19 мутацияланған штамдары тудырған коронавирустың үшінші толқынының төмендеуі мекемелерде және қоғамда қабылданған шектеу шаралары арқылы төмендетуше байланысты. Қазіргі кезде қаладағы иммундық қабат шамамен 20% құрайды. Оның 14,8%-ы вакцинациядан, тағы 5%-ы соңғы 6 айда өздігінен қалпына келген", – Жандарбек Бекшин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу