Алматылықтарды 145 млн теңгеге алдаған тұрғын Ресейде ұсталды

103

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Алматылықтарды 145 млн теңгеге алдаған тұрғын Ресейде ұсталды Фото: canva.com

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу