Алматылықтарды экологиялық ақпараттандыру жобасы іске қосылды

828

Алматыда қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы  хабардар ететін жоба іске қосылды.

Алматылықтарды экологиялық ақпараттандыру жобасы іске қосылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар болу деңгейін арттыру үшін экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды.

"Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді", – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Ақпарат 26 датчиктер арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станциялар қосылатын болады.

Мәліметтер ауаның негізгі алты  көрсеткіштерінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.

Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу