Алматылықтардың 41,1%-ы вакцина алған

1037

Мегаполисте күн сайын 7 мың тұрғын вакцина салдырады. 

Алматылықтардың 41,1%-ы вакцина алған

6 тамыздағы жағдай бойынша, қала тұрғындарының 41,1%-ы вакцина алған. Күніне жеті мыңнан астам адам вакцина алады. Алайда бұл індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жетпейді. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші көбейіп келеді. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында керісінше төмендеген. Вирусты өткен аптада 1 099, осы аптада - 878 бала жұқтырған. Қаланың бас санитарлық дәрігері халықтың қандай топтары КВИ жұқтыруға бейім екені туралы да ақпарат берді. 

"Алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда соңғы аптада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында – 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері арасында – 18,4%, зейнеткерлер арасында – 17,3% және оқушылар арасында – 9,2% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 6% жоғары көрсеткіш сақталуда. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауырғандардың жалпы санының 92% құрайды және олардың арасында алдын алу шараларын жүргізу қажет", - дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша өткен аптада 224 коронавирус дерегі тіркелсе, осы аптада 238 жағдай анықталған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу