Алматылықтардың 80%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

887

Биыл Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жалпы сомасы 213,2 млрд теңгеге 187 медициналық шарт жасалған.

Алматылықтардың 80%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2022 жылы 187 медициналық ұйыммен (оның 80-і мемлекеттік) жалпы сомасы 213,2 млрд теңгеге шарт жасалғаны белгілі болды. Оның ішінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 117,7 млрд теңге және МӘМС жүйесінде – 95,4 млрд теңге. Биылғы жылы жүйеге барлығы 12 медициналық ұйым қосылды.

"Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Алматы қаласының 2 024 989 тұрғынының ішінде сақтандырылған халықтың саны 81,1%-ды құрады. Сақтандырылмағандардың саны 382 940 адамды немесе 18,9% құрайды", – деді Тілеухан Әбілдаев. 

Спикер сақтандырылған тұрғындарға МӘМС әлеуетінің арқасында  барлық жоспарлы консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімді екенін еске салды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу