Алматылықтардың Досаевтың отставкасын талап еткен петициясы: Әкім пікір білдірді

409

57 мыңнан астам алматылық қала басшысын отставкаға жіберу туралы петицияға қол қойған. 

Алматылықтардың Досаевтың отставкасын талап еткен петициясы: Әкім пікір білдірді Фото: Azattyq Ruhy

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

“57 мың қала тұрғыны сіздің отставкаңызды талап етіп отыр. Оның ішінде Алатау ауданының тұрғындары да бар. Олардың үніне неге құлақ аспайсыз?”, - деп сұрады Алатау ауданының тұрғыны қала әкімінен.

Мегаполис басшысының сөзінше, қалада 2 миллионнан астам адам тұрады.

“Петицияны қарадым. Онда өз деректерін, ЖСН, аты-жөнін көрсетпегендері де бар. Қала – тірі ағза, күн сайын түрлі жайттар болып тұрады. Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды. Алайда бұл лауазымға мені Мемлекет басшысы тағайындады, сол себепті шешімді де сол кісі қабылдайды”, - деді Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу