Алматылықтардың үйін үптеп жүрген "трио" ұсталды

644

Бұл топтың құрамында Тәжікстан, Қырғызстан азаматы да бар.

Алматылықтардың үйін үптеп жүрген "трио" ұсталды

Алматылықтардың үйлерін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Барлығы үш адам ұсталды. Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара "бөліскен". Олар – орындаушылар. Тасымалдаумен біздің жерлесіміз, Алматы облысының тұрғыны айналысқан. Ол 35 жаста. Қаскөйлер ұсталар алдында Шоқай көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірін тонап кеткен. Құқық бұзушылардың бөтен адамның үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Олардың сол кездегі қылмыстық олжасы цифрлық, тұрмыстық техника, сонымен қатар үй иесінің жеке заттары болды. Ер адам "келушілерден" келтірілген материалдық шығынды 45 000 теңгеге бағалаған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің айтуынша, "гастролерлер" полицияның арнайы жасақтары мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде ұсталған.

"Біз бұл "трио" жасаған басқа эпизодтарды да жоққа шығармаймыз, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз. Сонымен қатар ұрланған мүлікті сату арнасын анықтаймыз", – деді Науатов.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу