Алматы қаласы Алатау ауданының комьюнити орталығында Zhasproject жобасы аясында шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарына номиналы 1 000 000 теңге болатын сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша Алматыда 20 жеңімпаз анықталды, олар маусым айында әлеуметтік жобаларды іске асыруға кіріседі. Грант қаражатына олар қаржыландыру аяқталғаннан кейін жас кәсіпкерлерде өз жобаларын кейіннен іске асыру және дамыту үшін ажетті жабдықты сатып ала алады.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен және "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігімен бірге іске асырылуда.
Zhasproject жобасының қаржылық қолдауының арқасында 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өз бизнесін ашып, кәсіпкерлікте алғашқы қадамдар жасап, қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алады.