Бүгін түсте Android операциялық жүйесі бар мобильді құрылғыны пайдаланатын Алматы тұрғындарына "Президент хабарламасы" келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сағат 12:00–де Android операциялық жүйесі бар мобильді құрылғыларды пайдаланушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде хабарлама алды.
Онда "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр", "Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения", "Remain calm. The public alert system is being tested", деп жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу