Алматылықтарға шетелдік көліктерді заңдастыруға “көмектесуге” уәде берген күдікті ұсталды

338

Күдікті өз қызметін 250 мың теңгеге бағалаған.

Алматылықтарға шетелдік көліктерді заңдастыруға “көмектесуге” уәде берген күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Алматылықтарға шетелдік көліктерді заңдастыруға “көмектесуге” уәде берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 жастағы А.есімді азамат бұдан басқа жүргізуші куәлігін де алуға “көмектесуді” ұсынған. Күдікті өз қызметін 250 мың теңгеге және одан да жоғары бағалаған.

"Біздің бөлімшеде алаяқтық дерегі бойынша осыған ұқсас 4 арыз тіркелді. Жедел шаралар қолданылып, күдікті ұсталды. 29 жастағы А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. А.есімді азамат қамауға алынды", – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу