Алматылықтарға Үлкен Алматы өзеніндегі өлім қаупі туралы ескерту жасалды

349

Ведомство өкілдері аталған жерде судың ағыны қауіпті екенін айтады.  

Алматылықтарға Үлкен Алматы өзеніндегі өлім қаупі туралы ескерту жасалды Фото: kk.wikipedia.org

Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіз Үлкен Алматы өзенінің бойында – Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі, яғни өзен Сайран көлінен шығып жатқан бөлігінде біреулердің шомылып жүргенін немесе кілем жуып жатқанын талай рет көрген боларсыз. Бірақ бұл аумақтың қауіпті екенін, мұнда шомылуға қатаң тыйым салынғанын білесіз бе?

Осыны еске салу мақсатында Әуезов ауданының төтенше жағдайлар басқармасы әкімдікпен бірлесіп, өзен арнасы бойына "Шомылуға болмайды!" деген ірі жазбалар орнатты. Бір сәттік салқындау үшін өміріңізді қатерге тікпеңіз. Өзіңізге сақ болыңыз!" – делінген ТЖД хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу