Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 23:00-ден 2023 жылғы 24 желтоқсанда сағат 11:00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады. Аталған көше сегментінің жол бөлігінің астынан өтетін кабельдік желілерді қайта құру учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілуде", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қамтамасыз етуді сұрайды.