"Алматыметроқұрылыс" компаниясының 100 пайыз акциясы бұғатталды

765

Аталған компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған.

"Алматыметроқұрылыс" компаниясының 100 пайыз акциясы бұғатталды

"Алматыметроқұрылыс" компаниясының 100 пайыз акциясы бұғатталды. Бұл туралы аталған компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың адвокаты Әлімжан Оралбай мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.                                           

Сондай-ақ, қорғаушы Реимовтің 27 қараша күні тұтқындалғанын ресми растады. Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта Қайрат Реимовтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған. Оның біріншісі РБК банкі басшысының өтініші бойынша болса, екіншісі "ДК Инвестмент" компаниясының өтініші бойынша. Онда Реимовқа тиесілі компания құрылыс материалдарын қайтармады деп көрсетілген. Сондай-ақ, аталған компанияға "Алматыметроқұрылыс" та 1,5 млрд теңге көлемінде берешек екен.

"Бастапқыда акциялардың 39 пайызын беру туралы шарт жасалған, біз оларды беруге дайынбыз. Биржа бойынша бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды екінші тараптың есепке алуы туралы екі бұйрық шығуға тиіс. Әзірге бұйрық шыққан жоқ",– деген болатын күдікті.

Ал, 1,5 теңге берешекке келсек "оны қайтаруға дайынбыз, алайда қарыз беруші келісім бермей келеді" деп ақталған еді.

Енді осы сот процестеріне байланысты екі метро станциясының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін. Алайда компания өкілдері құрылыс жұмыстары жалғаса береді дейді.

Айта кетейін, осы екі станцияның құрылысына 43,3 млрд теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу