Алматыны Дамыту бағдарламасына 6,1 трлн теңге жұмсалады

573

Бағдарлама бес ай бойы әзірленген.

Алматыны Дамыту бағдарламасына 6,1 трлн теңге жұмсалады

Бұл туралы Алматы басшысы Ерболат Досеав "Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын" бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, әкімдік қызметкерлері мен түрлі саладағы 130 сарапшысы бес ай бойы аталған жоба бойынша жұмыс істеген. 

"Бағдарламаны іске асырудың жалпы сомасы 6,1 трлн теңге. Бұл ретте тартылған жеке инвестиция көлемі 55%-дан асады. Олардың ішінде таяудағы үш жылда 1,3 трлн теңге тарту жоспарланып отыр, ал қалған 2 трлн теңгеден астамы – орта мерзімді перспективада 2030 жылға дейін керек", – деді қала әкімі.

Жаңа бағдарлама 7 негізгі мақсатқа негізделген.

"Даму бағдарламасы осы жылдың шілде айында мен ұсынған 7 негізгі мақсатқа негізделген. Атап айтсақ, "Жайлы қалалық орта", "Орнықты экономикалық өсім", "Басқарылатын урбанизация", "Әлеуметтік орнықтылық және тұрақтылық", "Жасыл Алматы", "Ақылды қала және қауіпсіз қала", – деп түсіндірді Досаев.

Сондай-ақ ол 2030 жылға дейін Тhe Global Livеability Index рейтингінің TOP-70 индексіне кіруге талпыну керек деп есептейді.

"Бұл – қалалардың жайлылық деңгейінің индексі, мұнда тұрғындардың өздері қаладағы өмір сүру жайлылығын 30-дан астам көрсеткіш бойынша бағалайды. Біз Алматыны осы индекстен жайлы мегаполис ретінде, бүкіл әлемнің озық технологиялары, инновациялары мен сапалы адами капитал орталығы ретінде көргіміз келеді", – деді мегаполис әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу