Даму жобасын қала билігі 40 сарапшымен бірлесіп әзірледі, оған урбанистер, сәулетшілер, құрылысшылар және басқада мамандар кірді, деп жазды inbusiness.kz.
Құжат 1 шілдеге дейін талқыланды. Қала тұрғындары оған қосымша ретінде 1280-ге жуық ұсыныстар мен түсініктемелер жіберді.
"Осы ұсыныстар мен сіздердің идеяларыңыздың барлығын тиімді іске асыру Жаңа Қазақстанды дамытудың кепілі болып табылады. Онда басты мақсаттар біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын және олардың әл-ауқатының деңгейін арттыру", – деп атап өтті кездесуде Ерболат Досаев.
Қаланы дамыту жоспары 5 қыркүйекке дейін бекітіледі.
Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы танысу үшін Алматы Даму орталығының сайтында қолжетімді.
Құралай Құдайберген