"CNN Travel" 2025 жылы шаһарға Орталық Азиядағы "сәні мен салтанаты жарасқан жаңа астана" деген атақ берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада ауқатты адамдарға да, орташа табысы бар азаматтарға да бірдей қызмет көрсетілуі тиіс деп санайды. Сол себепті, ондағы туристік инфрақұрылымды әртараптандыру мәселесі де өзекті болып отыр.
– "CNN Travel" 2025 жылы Алматыны Орталық Азиядағы "сәні мен салтанаты жарасқан жаңа астана" деп атады. Алматы әкіміне шаһарды күндіз-түні қонағы үзілмейтін Нью-Йорк, Мәскеу, Париж сияқты "ешқашан көз ілмейтін қалаға" айналдыру тапсырылды. Қалада инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру, жарықтандыру бағытында әлі де көп жұмыс істелуі керек, – деді Президент.
Әлбетте, туризм саласындағы кадр тапшылығы – өте өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Түркістанда Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылғанын, 2024 жылы оқу ордасының алғашқы түлектері диплом алып, еңбек нарығына қосылғанын жеткізді.
Бұған дейін Президент "Туризм саласында жалқаулық пен немқұрайлылыққа жол жоқ" деген болатын.