Алматының тауларында қар көшкіні түсірілді

170

Барлығы 20 000 текше метр қар түсірілді, осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді. 

Алматының тауларында қар көшкіні түсірілді Фото: бейнеден скриншот

Медеу ауданында "Шымбұлақ" шаңғы курортының аумағында демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ауа температурасының жоғарылауына және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты "Кіші Алматы" өзенінің бассейніндегі үш көшкін алабында  ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы тауларында қар көшкінінің 17 профилактикалық түсуі жүргізілді. Қардың жалпы көлемі- 121 615 м3.

ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ мен медицина және апаттар орталығының қызметкерлері қар көшкінінің алдын алу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу