Алматының 102 мектебінде IT-сынып ашылады

1161

Аталған мақсаттарға қаражат қалалық бюджеттен бөлінетін болады. 

Алматының 102 мектебінде IT-сынып ашылады

Алдағы оқу жылынан бастап Алматы қаласының мектептерінде, техникалық, әдістемелік заттармен қамтамасыз етілген IT-сыныптар енгізілетін болады, деп хабарлайды atameken.kz.

Қазіргі таңда жобаның электрондық платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ директоры Андрей Дупик хабарлады.

"Бұл жалпы білім беретін мектептер базасында орналасқан факультативті қосымша сабақ ретінде болады. Біз бүгінгі таңда ең сұранысқа ие бағыттарды қамтитын боламыз, яғни бұл мобильді қосымшаларды, веб-сайттарды, ойындарды, 3D моделдеуді, робототехниканы құру", – деп сөзін нақтылады Андрей Дупик.

Әзірлеушілердің айтуынша, бастапқы кезеңде жоба Алматының 102 мектебін, яғни мегаполис мектептерінің жалпы санының елу пайызын қамтиды.

"Қыркүйек айынан бастап, өз жұмысымызды бастаймыз. Осы аталған мақсаттарға қаражат қалалық бюджеттен бөлінетін болады. Осындай пилоттық жоба Алматы қаласында алғаш рет іске қосылады", – деді Андрей Дупик.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу