Белгісіз адам Алматыдағы 12 мектепке жарылғыш зат қойғаны туралы хат жазып, білім беру мекемелерінің электрондық поштасына жіберген, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін хабарлаған. Қазіргі уақытта мамандар ғимараттарды тексеріп жатыр. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама жолдаған адамның жеке басын анықтауға және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп жазылған қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.