Алматының 2022 жылға арналған бюджеті артады

565

Қалалық мәслихат қаланың нақтыланған бюджеті жобасын арттыруды қолдады, деп жазды inbusiness.kz.  

Алматының 2022 жылға арналған бюджеті артады

Барлығы бюджет 105,6 млрд теңгеге ұлғаяды.

Оның ішінде негізгі шығыстар әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл бағытта 43,1 млрд теңге бөлу қарастырылған. 
Ал білім саласына 25,8 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Халықты әлеуметтік қолдауға 2,4 млрд теңге бағытталмақ. 

Сонымен қатар шаһарда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар спорты мен шығармашылығы саласын қаржыландыру жалғасады. 

Мегаполис аудандарындағы инженерлік желілерді одан әрі дамыту мақсатында бірқатар жобалар қарастырылған.

Колхозшы, Әлмерек шағын аудандарын электр жарығымен қамту жұмыстары жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу