Алматының 3 шағын ауданында 2 жаңа емхана мен амбулатория салынады

Наурызбай ауданында емханалардың жетіспеу мәселесін шешу және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана салу жоспарланған.  

Алматының 3 шағын ауданында 2 жаңа емхана мен амбулатория салынады Фото: Almaty.tv

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құрамыс шағын ауданында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, мемлекеттік сараптама қорытындысы 2023 жылдың III-ші тоқсанында шығады. Шұғыла шағын ауданында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау жарияланды.

"Мемлекеттік сараптамасымен бірге жобалау 2024 жылдың 1-ші тоқсанында аяқталады. Ақжар шағын ауданында 1 дәрігерлік амбулатория салынады. Жобалау 2023 жылдың желтоқсан айында бітеді", – деді әкім.

Сонымен қатар шаһар басшысы "Мектеп автобусы" жобасына тоқталды. Жоба аясында Наурызбай ауданындағы 6 мектеп аталған қызметпен қамтылған.

"Мектеп автобусы" жобасы аясында №186 және №200 аса мұқтаж 2 мектепке наурыз айында 2000 оқушыны тасымалдайтын 5 автобус бөлінеді.

Қазір 206, 207, 208, 186, 157 мектептердегі 1500 оқушыға 21 автобус бөлінген. Тасымалдауды мектептің өздері жергілікті бюджетті қаржыландыру есебінен ұйымдастырады. Соның нәтижесінде 4 мектепке бұл автобустар мамандандырылған автобустарға ауыстырылады.

Жағымды өзгерістердің бірі 335 шақырым инженерлік желі салынып, 2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданының барлық тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылады.

Былтыр ауданда шамамен 85 шақырым сумен жабдықтау және кәріз желісі салынды. Биыл 20 шақырымға жуық желі салынып, 335 шақырым сумен қамту және кәріз желісінің құрылысы жобаланады.

"Оның ішінде Ақжар мен Қарағайлы шағын аудандары бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сәуір айында сараптама қорытындысы алынып, құрылыс осы жылдың III тоқсанында басталады. Қарғалы өзеніндегі су жинағыштың құрылысы аяқталып, Ақсай өзеніндегі су жинау құрылғысын салу жұмыстарын жалғасады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу