Алматының 948 ескі үйі 2030 жылға дейін сүріледі

1292

Осы жұмыстарды жүргізуге қазынадан 17,7 миллиард доллар бөлу жоспарланып отыр.  

Алматының 948 ескі үйі 2030 жылға дейін сүріледі

Бүгін Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі осындай ескі үйдің орнына салынған "Жандосов" тұрғын үй кешеніне баспасөз турын өткізді.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген "Күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС бас директоры Әділ Бүрлібаевтың айтуынша, 1921-1962 жылдары салынған, 25 жыл бойы жөндеу жасалмаған үйлер сүріледі.  Олар негізінен Түркісіб, Бостандық, Алмалы аудандарында орналасқан.

"Оларды қандай реттілікпен сүрілетінін айту қиын. Келесі жылы біз ecкі үйлерді бұзуды Скрябин-Райымбек көшесінен бастаймыз. Тұрғындардың келісімімен оларды басқа баспанамен қамтимыз.  Үш үй көшіп болды, тағы үш түрғын үйді көшіреміз. Қалған аудандарда келіссөз жүріп жатыр", – деді Әділ Бүрлібаев.

Алматы қаласында 2012 жылдан бастап 65 ескі үй сүріліп, тұрғындары жаңа үйге қоныстанған. Олардың көпшілігі екіқабатты, құлау алдында тұрған пәтерлер еді. Алайда тұрғындар оған қарамастан үйін тастаудан бас тартып, қомақты ақы төлеуді талап еткен екен.

"Мұның бәрін келіссөз арқылы шешеміз. Үйіңді тастап шық деген түсінік жоқ. Әркім өз үйін хабарландыру сайтындағы бағамен сатқысы келеді. Алайда бағалау жүргізгенде оның құны басқаша болып шығады. Мәскеулік тәжірибемен үйді тәркілеуге болушы еді, бірақ қазір ол мәселе зерттеліп жатыр",  – дейді компания басшысы.

Ескі үй сүріліп, уақытша баспанаға көшкен тұрғындарға бөлме санына қарамастан 10 шаршы метр тегін беріледі. Ал қалған бөлігін сату құнымен жалдап тұра алады.  Сонымен қатар уақытша баспанада тек коммуналдық қызмет ақысын төлеп тұра беруге де  болады. Жаңа үй уақытында пайдалануға берілмесе, уақытша үй тұрғынның меншігіне өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу