Алатау ауданындағы жол инфрақұрылымы туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Биыл ауданның ұзындығы 42 шақырым болатын 53 көшесіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Рысқұлов, Райымбек даңғылдары, Жаңа Саин, Өтемісұлы көшелері, сонымен қатар, Дархан, Саялы, Ұлжан, Өжет, Көк-Қайнар ш/а жұмыстар аяқталды", – деп атап өтті әкім.
15 қарашаға дейін Алғабас және Ақбұлақ шағын ауданда жолдарға орташа жөндеу аяқталады.
Жуырда Көк-Қайнар, Әйгерім-1, 2, Саялы, Самғау, Зерделі шағын аудандарындағы 35 көшеде және индустриялық аймақ аумағындағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Алғабас ықшам ауданында өткен жылдан бастап 32 шақырым жаңа жол құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл жұмыстар 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Келесі жылдың III тоқсанында сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу аяқталғаннан кейін Шаңырақ-1 және Шапағат ықшам аудандарында 13 шақырым жаңа жол құрылысы басталады.