Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 32,8%-ға өсті

Индустриялық аймақ шаһар экономикасын дамытуда драйверге айналды. 

Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 32,8%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.

"2023 жылдың І тоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 32,8%-ға өскенін көрсетті. Инвестициялар да 73,2%-ға артты", – деді әкім. 

Ол Алматының индустриялық аймағын дамыту және бизнесті қолдау үшін қабылданған шаралардың арқасында Алатау ауданының экономикасы оң динамиканы көрсетіп, мегаполистің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу