Алматының әлеуметтік дәріханаларында бағалар жоғары екені анықталды

1831

Жуырда Ұлттық тұтынушылар лигасы қала дәріханалары бойынша зерттеу жүргізді.

Алматының әлеуметтік дәріханаларында бағалар жоғары екені анықталды

Ұлттық тұтынушылар лигасы Алматы қаласының дәріханаларынан көпшілік пайдаланатын дәрі-дәрмектерді сатып алып, салыстырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Жасалған жұмыстардың нәтижесі ұйым мүшелерін таң қалдырған. Себебі өздерін әлеуметтік дәріхана деп атап отырған мекемелерде баға қаладағы басқа дәріханалардан айтарлықтай жоғары болып шықты.

"Бір ерекшелігі, қаланың орталығында орналасқан жақсы қызмет көрсететіні үшін қымбат деп саналатын дәріханалар арзан екені анықталды. Алайда, олар сататын тауар сапасы көңіл көншітпейді. Себебі, бұл дәріханалардан сатып алынған бес лидокаинның үшеуі елімізде тіркелмеген болып шықты. Яғни, бұл препараттардың сапасы мен құрамы белгісіз",– дейді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.

Сонымен қатар, Алматыда дәрі-дәрмектің орташа бағасы жоғары екені анықталған. Мәселен, шаһарда ең арзан дәрілердің бірі цитрамонның құны 300 теңгемен 700 теңге арасында тұрады. Бұл ретте Ұлттық тұтынушылар лигасы өкілдері алматылықтар дәрі-дәрмек сапасы мен бағасына жиі шағымданатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу