Алматының Алғабас ауданында көп қабатты үй қисайды

1512

Мамандар сараптама жүргізуде. 

Алматының Алғабас ауданында көп қабатты үй қисайды

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алатау ауданындағы Зерделі-6 ықшам ауданына қарасты 1/179 үй қисайған. Бұл туралы ведоствоға 9 қабатты үйдің тұрғындары хабарлаған.

"10 желтоқсан күні сағат 21:10-да ТЖД-нің Дағдарыс жағдайлары бойынша басқарма кезекшісіне Алатау ауданындағы Зерделі-6 ықшам ауданына қарасты 1/179 үй тұрғындарынан 9 қабатты тұрғын үй кешенінің қисайғаны туралы хабарлама келді. Бірден құзыретті орган өкілдерінен тұратын жедел жұмыс тобы құрылып, оқиға орнына аттанды. Тұрғындардың пікірінше, сырттан қарағанда үйдің қисайғаны байқалады. Осыған байланысты мамандар сараптама жүргізуде. Құзыретті орган өкілдері оқиға орнында",–деді ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Жалпы 9 қабатты тұрғын үйде 72 пәтер бар. Алғабас ықшам ауданында бұған дейін мұндай жағдай алғаш рет 2016 жылы орын алған. Ол кезде 9 қабатты үй 32 сантиметрге қисайған. Ал 2017 жылы тағы бір ғимаратта осындай белгілер анықталған. Кейін құзыретті органдар бұл нысандардың іргетасын қатайтып, тұрғындарды қайта үйлеріне көшірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу