Алматының Алмалы ауданында 30 аула аумағын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тағы сегіз аулада абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
2026 жылы ауданда барлығы 38 ауланы жаңарту жоспарланған. Жоба аясында аула жабындарын жөндеу, балалар және спорт алаңдарын орнату, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою, сондай-ақ басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында тұрғындардың 19 бастамасы жүзеге асырылып жатыр. Оның бесеуі аяқталған, сегіз нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Тағы бес жоба бойынша жұмысты бастау жоспарланған.
Жобалар аясында қоғамдық кеңістіктер мен демалыс орындары жаңартылып, балалар және спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ аумақтарды көгалдандыру және сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.