Алматының Алмалы ауданындағы 10 көшенің асфальты жаңартылды

617

Ауданда қылмыс саны 15,9%-ға төмендеді.

Алматының Алмалы ауданындағы 10 көшенің асфальты жаңартылды

Алматының Алмалы ауданындағы 10 көшенің жолдары жөнделді. Олардың жалпы ұзындығы он шақырымнан асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ержан Сейтенов баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 173,3 шақырымды құрайтын 110 көше бар.

"Жалпы 10 шақырым жол жаңартылды, Әйтеке би, Қожамқұлов және Төле би үш көшесінің бойында жөндеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Райымбек - Розыбакиев бойындағы жолайрығы жөнделді", деді спикер.

Сонымен қатар келесі учаскелерде 810 метр тротуар желісінің құрылысы аяқталды: Нұрлы жол көшесі Қарасай батырдан Бөгенбай батырға дейін, Мәуленов көшесі Әйтеке би мен Қазыбек биге дейін, Амангелді көшесі Абайдан Құрманғазы көшесіне дейін, Бөгенбай батыр көшесі Сейфуллиннен Масанчи мен Бөгенбай батыр көшесі Әуезовтен Нұрлы жолға дейін.

Аудан басшысы қаланың көшелерін жарықтандырудың, әсіресе, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызы туралы айтты.

"Биылғы жылы жарықтандырылмаған және жартылай жарықтандырылған 84 алаң бойында жоспарланған жарықтандыру қондырғыларының ішінде 82 учаскеде 391 тірек пен 872 шам орнатылды. Сондай-ақ, ауданның 12 монументалды ескерткішіне жарық түсіру бойынша жұмыстар жүргізілді", – деді Алмалы ауданының әкімі.

Ауданда қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыс саны азайған. Ал тркелген қылмыстардың барлығы "ізі суымай" ашылуда. Ауданда барлық бағыт бойынша тіркелген қылмыстар саны 15,9%-ға төмендеді. Мәселен, полицияның бес стационарлық модульдік посты 113 әкімшілік құқық бұзушылықты ашты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу