Алматының алып "тиініне" мерекеге орай қазақы нақыштағы тақия кигізіледі

2323

Алып "тиін" қазақы тақиясын сәуір айының 20-сына дейін киіп "жүреді".

Алматының алып "тиініне" мерекеге орай қазақы нақыштағы тақия кигізіледі

Наурыз мерекесіне орай сабаннан жасалған Алматыдағы "тиінге" қазақы нақыштағы тақия кигізіледі. Әлемдегі ең үлкен "кеміргіштің" бас киімі қазір Алматыдағы цехтардың бірінде жасалып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

 Тиінді сәндеу – қаладағы креативті агенттіктердің бірінің ұсынысы. Оюмен көмкерілген тақияның диаметрі – үш, ал биіктігі – бір жарым метр. Сондай-ақ мүсіннің қолына бес метрлік жауқазын ұстатылып, айналасына гүлшоғы қойылады.

Тиіннің тақиясы мен гүлшоқтарына 170 мың теңге жұмсалған. Бұл шығынды креативті агенттік өз қаражаты есебінен төлеп отыр.

Алып "тиін" қазақы тақиясын сәуір айының 20-сына дейін киіп "жүреді".

Айта кететін жайт, ұлыбританиялық мүсінші Алекс Ринслер туындысының алдағы тағдыры да сәуір айында шешіледі.

"Атакент алаңында Наурыздың құрметіне мерекелік іс-шаралар өткіземіз. Ұлттық ойындар мен әртүрлі байқаулар ұйымдастырылады. Алаңды безендіреміз. Мерекеге орай тиінді де әдемілеп қоюды жөн көрдік. Ал сәуір айының басында қалалық әкімшілік пен осы жобаның авторы тиіннің тағдыры туралы тиісті шешім қабылдайтын болады", – дейді креативті агенттіктің қызметкері Алеся Нугаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу