Алматының "Асыл әжесі" белгілі болды

"Асыл Әже Almaty"  шығармашылық байқауы мәреге жетті. 

Алматының "Асыл әжесі" белгілі болды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда алғаш рет жасы 61 -ден асатын, немерелері бар әйелдер арасында "Асыл Әже Almaty" шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Байқаудың қорытындысы бойынша - 62 жастағы Гульнара Құнанбаева гран-при иегері болды. Ол бас жүлдеге - плазмалық smart-теледидар алды және "Асыл Әже Almaty 2023" атанды.

Конкурсқа белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан 12 адам іріктеп алынған. Ең үлкен әженің жасы 81-де. Жарысқа олардың балалары мен немерелері де қатысып, жанкүйер болды.

Байқауға қатысушылар үшін іс-шара төрт кезеңнен тұрды. Олардың өнері мен қабілнттерін мәдениет және өнер саласындағы тәуелсіз сарапшылар бағалады. Қатысушылардың барлығы жүлдесіз қалмады. "Заманауи әже - Ең креативті Әже 2023", "Өнегелі әже - Дана және қамқор Әже 2023" сынды бірнеше аталым бойынша сыйлықтар тапсырылды. 

"Байқаудың миссиясы - аға-буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау, олардың белсенділік танытып, өмірдің барлық саласына араласуын қамтамасыз ету", дейді ұйымдастырушы, Алматы қаласының белсенді өмір орталығы және Қазақстан композиторлар одағы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу