Алматының ауа сапасын бақылау жүйесі көбейеді

1155

Ауа сапасын бақылайтын пунктердің саны 36-ға жетеді. 

Алматының ауа сапасын бақылау жүйесі көбейеді

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы тапсырмасын орындау үшін және Министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша "Қазгидромет" қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласының аумағында ауа сапасына бақылау желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде", – деп хабарлады "Қазгидромет".

Қазіргі уақытта "Қазгидромет" экологиялық желісі 20 бақылау пунктінен тұрады.

2020 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы қаласы ауасының сапасына мониторинг жүргізу РМ-2,5 бойынша эко-белсендісі Павел Александровтың 10 датчигіне артады, деректер "AirKz" мобильдік қосымшасында, интерактивті картада көрсетіледі және ай сайын ақпараттық бюллетеньде жарияланатын болады. Алматы қаласының бақылау желісінің барлығы 26 пункті құрайды.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту үшін "AirVision" Қоғамдық Қорымен бірлескен жұмыстар жүргізуде.

Осы ынтымақтастық шеңберінде "Эко-Эксперт" ЖШС-ның 10 станциясын бақылау желісіне қосымша қосу жоспарланып отыр, осылайша Алматы қаласының мониторингі 36 бақылау пунктіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу