Әлемнің ең мықты шахматшысы: Алматының ауасы өте лас және жағымсыз

Ол Қазақстанға блиц шахматтан өткен әлем чемпионатына келген болатын. 

Әлемнің ең мықты шахматшысы: Алматының ауасы өте лас және жағымсыз Фото: Сергей Алексеенок

Америкалық Джо Роганмен болған подкастында норвегиялық шахматшы Алматының ауасына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шетелдік шахматшы Алматыда таза ауа жұту үшін тауға шығуға мәжбүр болғанын сөз еткен.

"Турнирде жақсы өнер көрсету үшін тауға бардым", - дейді ол өз сөзінде. 

Карлсен өзін ретке келтіремін деп жүріп беларусь гроссмейстері Владислав Ковалевке қарсы ойынды 2,5 минутқа кешіктіріп бастаған. 

– Шахматтан әлем чемпионаттары бейтаныс жерлерде өтеді. Бұл бір рет Алматы қаласында болды. Ал бұл қаланың ауасы қыста өте лас және жағымсыз, – деді ол подкастта. 

Еске салайық, 2022 жылдың 25 желтоқсанында Алматыда жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтті. Турнирдің жүлде қоры 1 миллион доллар болған. Магнус Карлсен – тарихтағы ең мықты әрі атақты шахматшылардың бірі. Ол Қазақстандағы жарыста да өзін дәлелдеді. 

– Шамамен бір сағаттай көлікпен жүріп, таудың басына шығып, шаңғы тебуге болады. Мен бұл қалада өзімді бақытсыз сезіндім. Турнирде жақсы өнер көрсету үшін таза ауамен тыныстау керек деп ойлап, бұл жерден кетуге шешім қабылдап, сондай тәуекелге бардым, – деді Карлсен.

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сенсек, швейцариялық IQAir компаниясы жүргізген зерттеуде Алматы әлемдегі ауасы лас қалалар рейтингінде 1-орынға шыққан. Қалада ауаның ластану индексі 208 балға жеткен. Бұл "өте зиян" деп бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу