Алматының әуежайында жаңа көлік тұрағы ашылды. Дәл осындай тағы бір тұрақ жақын күндері пайдалануға берілмек. Көлікті тұраққа қою құны 300 теңгеден басталады. Бұл туралы Денис Кривошеев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
170 көлікке шақталған, сәл қашықтау орналасқан алғашқы көлік тұрағы кеше, 9 қаңтарда ашылды. Көлікті бір тәулікке қою ақысы 300 теңге. Ал дәл осы секілді екінші, жақын орналасқан көлік тұрағы келесі аптаның соңында ашылады. Ондағы ақы 500 теңге болмақ. Көліктерге бейнебақылау жүргізіледі. Бәрі де көңілге қонатындай етіп жасалған: жарық, жолақтар, жаңа асфальт төселген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу