Алматының Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

1278

Әнуар Өскенбаев мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған, білікті маман.

Алматының Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт есеп комитетінде қызмет атқарған. "Нұр Отан" партиясы орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болған.

2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасының басшысы болды.

Ол басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды, "Е-КСК" жобасы жүзеге асты. ТҮКШ модернизациялау бағдарламасына орай 550-ден астам үй жөнделді,

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу