Әуезов ауданында орналасқан бірнеше тұрғын үйде технологиялық жабдықтарды ауыстыру кезіндегі өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық су өшіріледі.
12 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен Сайын көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің аралығында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу