2023 жылдың 16 маусымында Алматының Әуезов ауданындағы кейбір ғимараттар бір тәулікке суық судан ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Хабарламада сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін 3-шағын аудан аумағындағы No 1, 2, 41, 42, 42-А, 43, 43-А, 46, 47, 60 үйлеріндегі пәтерлерде суық су берілмейтіні айтылды.
"Салқын сумен жабдықтау қызметіне уақытша шектеулер көрсетілген қала аумағының сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі", делінген хаарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу