Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда орындары жойылды

366

Жыл басынан бері ауданда 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылып, 2 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда орындары жойылды Фото: Astana news

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер рұқсатсыз сатылған.

Аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз саудаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша 698 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар абаттандыру талаптарын бұзу бойынша Кодекстің 505-бабына сәйкес 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделіп, салынған айыппұл көлемі 5,3 млн теңгеден жоғары болды.

Биыл Әуезов ауданында барлығы 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылған. Заңсыз сауда орындарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу