Алматының Әуезов ауданындағы инженерлік желілердің 80%-ы ескірген

512

Құбырларды жаңғырту жұмыстары әкімдіктің ерекше бақылауында.

Алматының Әуезов ауданындағы инженерлік желілердің 80%-ы ескірген

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Желілер – "Достық", "Мамыр-4" шағын аудандары мен Сайын – Шаляпин – Жандосов және "Қарғалы" маңында, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің бойында жаңартылады.  

"Мұнда жыл басынан бері 185-тен астам оқыс оқиға орын алған. Бұл аудандардағы желілер 50 жыл бұрын салынған, олардың 80%-дан астамы тозған", – деді қала әкімі. 

Әкімнің тапсырмасымен сәуір айынан бастап ұзындығы 75,8 шақырымды құрайтын аталған шағын аудандар мен учаскелерде су құбыры және су бұру желілерін салу және жаңғырту жұмыстары жобаланған.

Фото: 365info.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу