Алматының автобустарына Wi-Fi қосылды

589

Желіге әр 15 минут сайын қайта кіру қажет. 

Алматының автобустарына Wi-Fi қосылды

Алматыда әр түрлі бағыт бойынша қатынайтын 350 автобус пен троллейбусқа тегін сымсыз интернет қосылды. Ол EZ Wi-Fi деп аталады. Жоба украиналық eWi-Fi компаниясының технологиясы бойынша жүзеге асырылуда. 

Қазіргі кезде жабдықтар 450 қоғамдық көлікке орнатылған. Қазан айының ортасына дейін 1 000 автобусқа ғаламтор қосу жоспарланған. 

Бүгінде қала тұрғындары "Алматыэлетротранс" компаниясының №120, 67, 120, 29 маршруттарында интернетті пайдалана алады. Сонымен қатар №18, 19, 98 және 99 бен 62, 104, 141 автобустарда желіге қосылуға мүмкіндік бар. Болашақта қоғамдық көлік терезелеріне Wi-Fi белгісі жабсырылады. Ал бастысы желіге әр 15 минут сайын қайта кіру қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу