Алматы балабақшаларына 13 мың баланы қабылдау жоспарлануда

544

Тіркеу balabaqsha.bilimalmaty.kz порталы арқылы жүргізіледі

Алматы балабақшаларына 13 мың баланы қабылдау жоспарлануда Фото: google.com

Алматыда мемлекеттік балабақшаларға қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бірінші кезекте орындар кезектен тыс (әскери қызметшілердің балалары, арнаулы ұйымдарда жұмыс істейтін ата-аналардың балалары) және бірінші кезектегілер (мүгедек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, көпбалалы отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, педагогтардың балалары, кезекте тұрған балалар және басқа да санаттар) арасында бөлінеді. Биыл Алматының мектепке дейінгі ұйымдарына 13 000-ға жуық бала қабылдау жоспарлануда", - делінген хабарламада.

16-18 мамыр аралығында 2021, 2020, 2019, 2018 жылы туған балаларға арналған арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарға тіркелуге болады.  

Ал, 19 мамырда сағат 06:57-ден бастап қалған бос орындар қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу