Алматының Барахолкасы тағы отқа оранды

1044

Жалынды сөндіруге 27 маман, 9 техника жұмылдырылды.  

Алматының Барахолкасы тағы отқа оранды

Бүгін 19:24-те Алматыдағы атақты Барахолканың маңында орналасқан Кенжехан-2 базары өртенді. Мамандар дер кезінде келіп, тез арада отты сөндіріп үлгергеннің нәтижесінже жалын өзге базарларды шарпымады.

"19:30-да төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері оқиға орнына келіп жетті. Өрт Кенжехан-2 базарының аумағындағы көлік тұрағында орналасқан тауар қоймасынан шыққан. Жалынды сөндіру мен отқа оранған қойма маңындағы 11 тауар контейнерін аман алып қалу үшін 27 маман мен 9 техника жұмылдырылды. Қазірге өрттің шығу себебі белгісіз", – деді ТЖД баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу