2023 жылғы 14-26 маусым аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлады.
"Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде - күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз", – деп жазылған хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар орын алу мүмкін: жер бетіне судың ағып шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы, т.б. мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық телефондары арқылы хабарлаңыз: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.
Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі:
14 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев-Рысқұлов-Байзақов-Яблочков көшелері;
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда көшелері.
14 және 15 маусым
Әуезов және Алмалы аудандары: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Сайын - Үлкен Алматы өзені;
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев -Мақатаев - Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов көшелері.
14-23 маусым аралығында
Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағын ауданы – "Алматы" шипажайы – Сайын – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М.Ганди – Назарбаев, Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл– Фараби-Алмагүл шағын ауданы, Орбита 1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Сайын -Рысқұлбеков – Розыбақиев - Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков –Басенов көшелері;
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов -Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов - ІІМ шипажайы
15 маусым
Алатау ауданы: Аққайнар - Мамбетов кенті – БАҚ-тың оңтүстік жағы.
15 және 16 маусым
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.
16 маусым
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович - Данченко, Мөңке би – Момышұлы – Райымбек - Фариза Оңғарсынова көшелері;
Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов – Сайын – Яссауи көшелері;
Алмалы ауданы: Шөкин - Петров – Қарасай батыр – Райымбек даңғылы.
19 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев –Розыбақиев – Шәріпова көшелері.
19 және 20 маусым
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская -Сәтбаев-Чайковский көшелері.
20 және 21 маусым
Әуезов ауданы: Төле би-Райымбек - Яссауи-Емцов көшелері;
Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи - Ислам Каримов көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би - Панфилов - Шевченко-Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов көшелері.
21 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев-Шағабұтдинов – Розыбақиев көшелері.
21-23 маусым аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилова-Абай-Желтоқсан-Тимирязев-Гоголь-Есентай өзені.
22 және 23 маусым
Наурызбай ауданы: Проектируемая-Айтбаев-Райымбек-Алтын Алаш көшелері;
Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би - Сәтбаева – Әшімов -Ислам Каримов көшелері.
23 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов - Варламов-Айманов көшелері.
26 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбақиев –Байзақов көшелері.
Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады.
"Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!", – деп жазылған хабарламада.