Алматының бас полицейі электросамокаттардың жұмысын тексерді

403

Департамент басшысы электрсамокаттар орналасқан орындарда тәртіпті қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмеу қажеттігін атап өтті.    

Алматының бас полицейі электросамокаттардың жұмысын тексерді Фото: polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов Алмалы аудандық полиция басқармасының басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, қызметтің негізгі басым бағыттарын айқындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция ведомствосының басшысы заңдылықты қамтамасыз етуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігі мен қылмыстарды ашу көрсеткіштерін арттыруға ерекше назар аударды.

Кеңестен кейін Айдын Қабдулдинов қалалық базарлардың біріндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйімен танысты.

Аумақты аралау барысында сауданы ұйымдастыру, абаттандыру талаптарының сақталуы, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық туғызатын факторларды жою мәселелері қаралды.

Сонымен қатар электрсамокаттарды жалға беру сервистерінің жұмысына ерекше назар аударылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу