Алматының бас сәулетшілерінің бірі өмірден озды

1960

Алматының бас сәулетшілерінің бірі өмірден озды

Оңтүстік астананың танымал сәулетшілерінің бірі Сұлтан Баймағамбетов өмірден озды.  Ол шаһардағы бірқатар маңызды ғимараттар мен ескерткіштердің авторы болатын.  Атап айтқанда, Орталық мешіт, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, әуежайдағы жаңа аэропорт, "Нұрлы тау" көпфункционалды кешен, Жамбыл мен Абылай хан ескерткіштері оның қолынан шыққан.  Қаладағы "Ақсай", "Айнабұлақ" және "Орбита" шағын аудандары да Баймағамбетовтың эскиздері бойынша бой көтерді.

Ол 16 жыл көлемінде Алматы қаласының сәулет департаментін басқарып, қаланың бас сәулетшісі болды.  Оңтүстік астананың  2020  жылға дейінгі бас жоспарының құру  жөніндегі авторлық жобаға жетекшілік етті.

Сұлтан Баймағамбетов  74 жасқа қараған шағында бақилық болып отыр.  Ол еліміздің сәулет саласының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, Халықаралық саулет академиясының академигі, Халақыралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі, Қазақстанның сәулетшілер одағының мүшесі болды. "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Аbctv.kz порталы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу