Алматының Бас жоспарын әзірлеуде әлемдік Space Syntax технологиясы пайдаланылды

Үкімет мегаполистің 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын бекітті.  

Алматының Бас жоспарын әзірлеуде әлемдік Space Syntax технологиясы пайдаланылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Стратегиялық құжаты "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты, "Алматыгипрогор-1" жобалау институты сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып әзірледі.

Бас жоспардың негізгі мақсаты – Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.

Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды. Модельдеу құралдары қала дамуының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың мобилділікке, жер құнына және адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.

Алдыңғы бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы мақұлданды және қала қажеттіліктерінің өсуін ескермеді. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі еседен астамға өсті – 33898 гектардан 70348 гектарға дейін, халық саны 2,1 млн адамға дейін артты. Қала агломерацияның орталығына айналды, оның экономикасы өзгерді. Шаһардың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне теріс әсер етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу