Алматының Бас жоспарының жобасы 2021 жылы бекітіледі

732

Құжат қаланың орталығы мен шет аймақтарында қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. 

Алматының Бас жоспарының жобасы 2021 жылы бекітіледі

Бас жоспарды әзірлеу және дизайн-кодты енгізу - Алматыда сәулет саласына байланысты бірыңғай ережелерді бекіту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бас жоспарының жобасы бойынша жұмысты аяқтау 2020 жылдың соңына белгіленген. Ал құжатты бекіту 2021 жылдың І тоқсанына жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Алматы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреті кеңейді. Осы Заңның енгізілуімен қала мен қала маңы аймағын қатар дамыту мүмкіндігі пайда болды.

"Бас жоспарды түзетудің негізгі мақсаты қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, қауіпсіз, қолайлы, жайлы орта құру болып табылады, бұл Алматыны "шетсіз қала" етеді", - деді қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

"Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңға, сонымен бірге, дизайн-кодты енгізу тәртібі қарастырылуда, ол өз кезегінде Алматы қаласы аумағындағы ғимараттардың қасбеттерінің, жарнама конструкцияларының архитектуралық шешімдеріне, жазғы алаңдарға, шағын сәулет нысандарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды орналастыруды жүйелендіріп, ретке келтіреді.

"Алматыда дизайн-кодты енгізу – Қазақстан үшін пилоттық жоба. Көп еңбекті талап ететін бұл жұмыс мұқият зерттеуді, шығармашылық көзқарасты және нақты белгіленген ережелерді талап етеді. Бірқатар тармақтар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Алайда, пандемия түзетулер енгізді: қоғамдық тыңдаулар біраз уақытқа тоқтатылды", - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу