Алматының бір ауданы кешелі бері жарықсыз отыр

76

Алматыда ТЭЦ-2-де апаттық ажырату салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының бір ауданы кешелі бері жарықсыз отыр Фото: Бейнежазбадан

"Алатау жарық компаниясы" АҚ мәліметінше, 13 қараша күні ЖЭО-2 аймағында 110 кВ № 124А және № 101А электр желілерінің апатты ажыратылуы тіркелген. Оқиға салдарынан бірқатар ірі қосалқы станция – ПС-162А "Алғабас", ПС-169А "Ақбұлақ" және ПС-123А "АТЭЦ-2" уақытша тоқтан ажыратылды.

Апаттың кесірі Алатау ауданындағы тұтынушыларға тиді.

Электр қуаты Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңке би көшелері арасындағы аумақта өшіп қалды.

Оқиға орнына жедел түрде апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберіліп, мамандар апаттың себебін анықтауға және тоқ беру жүйесін қалпына келтіруге кіріскен.

"Алатау жарық компаниясы" 14 қараша, сағат 00:12–де ПС-169А "Ақбұлақ" қосалқы станциясы 110 кВ № 101А желісі арқылы қайта қосылғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі, Көксай шағынаудандарын электр энергиясымен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Ақбұлақ шағынауданында жартылай қосылды. Энергиямен жабдықтау толық қалпына келгенше апаттық-қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі", – деп хабарлады компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу